Себет 0

«Астана Балет»


қаралды: 292
Бағасы: 4000 тг.

Өткізу орны: Атамекен өнер ордасы

Күні: 08.12.2021

Басталуы: 19:00:00

Ұзақтығы: 120 минут

Ақпарат:

8-желтоқсанда «Астана Балет» театрының шығармашылық ұжымы Орал қаласына гастрольдік сапармен барады. Гастроль Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылады. «Атамекен» Мәдениет сарайының сахнасында ғажайып бағдарлама паш етілмек: ұлттық хореографияның үздік үлгілері мен бір актілі неоклассикалық балет.

Бірінші бөлімде театрды әйгілеп тұрған, барлық гастрольдік сапарлар барысында көрсетілетін «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасы көрермен назарына тарту етіледі. Бұл бағдарламаға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, елімізде қазақ биін қоятын хореографтардың ішіндегі көшбасшы Айгүл Тәтидің туындылары еніп отыр.

Әсем хореография өрнегімен көшпелі халықтың дүниетаным фәлсафасы суреттелген. «Ұлы Дала мұрасы» - этнографиялық материал мен қазіргі заман хореографиясы үйлесім тапқан, алайда, ұлттық бидің қайталанбас өрнегі мен өзіндік болмысы сақталған хореографиялық миниатюралардың жиынтығы іспетті. Эстетика, көздің жауын алар сахнадағы өрнек пен қайталанбас көркем бейнелер әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермен қауымды тамсандырып, жүрегінен мәңгілік орын алды.

Аудармасы «баяу жалын» деген мағына беретін «A Fuego Lento» - аргентиналық ұлы композиторлардың музыкасына қойылған, бразилиялық самбо мен танго элементтері бар балет. Ішкі қуаты мен харизмасының арқасында бұл спектакльді әртістермен қатар, көрермен қауым да сүйіп қарайды. Арнайы шақырылған хореограф Рикардо Амарантенің қойылымы дүниежүзінің кез-келген еліндегі көрерменнің көкейіне қонып, жүрегінен орын алған туынды. Ол Ковент-Гарден Корольдік театры (Лондон), Линкольн-орталық (Нью-Йорк), Гримальди Форум Монако (Монте-Карло) және өзге де әйгілі сахналарда көрсетіліп, көрерменнің зор қошеметіне бөленген.

Бұл туынды – балетмейстердің махаббат пен құштарлық туралы еркін қиялы. Ғашық жандардың бойын билеген ыстық сезім жайлы іңкәр-балет. Мың бұралған бишілердің шеберлігі, сахнадағы алаулаған жалын мен шынайы сезім көрінісінің арқасында «A Fuego Lento» көрермен қауымның жүрегін баурап алып, ерекше күйге бөлейді.

Ұлттық хореография, дәстүрлі классика, неоклассика, қазіргі заман классикасы, қазақстандық және шет елдік хореографтардың батыл эксперименттері, жаңашыл хореографиялық лексика, күтпеген режиссерлік шешімдер – осының бәрі «Астана Балет» театрына тән.

Билеттер бағасы — 4000-3000-2000-1500 теңге.

Комментарии

Оставить комментарий