Мекен жайы: Орал қаласы. Н.Назарбаев даңғылы 185 үй
Байланыс нөмірлері:87112330433
Аялдама: ТТС /Қазақтелеком/
Кіру: Н.Назарбаев даңғылы жағынан
Тұрақ: Театрдың сол жақ қанаты Н.Назарбаев даңғылы бойымен кіреді.
Буфет: жоқ
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры қалалық әкімшіліктің шешімімен 1992 жылдың 8 маусымындағы №492 қаулысымен құрылды. Театр 1993 жылы 16 желтоқсанда М.Әуезовтың «Қарагөз» трагедиясымен шымылдығын ашты. Театрдың алғашқы бас режиссері Жамбылбек Есенбеков, режиссер Елкен Жылқышинов болды.
2002 жылы театр Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұсауын кескен жаңа ғимаратқа көшті.
Аталмыш театрға Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен 2017 жылы 24 ақпан күні КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның есімі берілді.
Ағымдағы репертуарлар:
Театр билеттері «Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мәдениет басқармасының Хадиша Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры» МКҚК-ы толық кестесі Ticket07.kz сайтында орналастырылған.
Мұнда сіз билеттерді ғаламтор арқылы, театр кассасы арқылы және он немесе одан көп жағдайда театр менеджерлерінің ұялы телефондары /87775691268, 87754094732, 87052120330 арқылы хабарласып билет сатып ала аласыз. Бұл Сіз үшін ыңғайлы. Себебі кассада кезекке тұрудың қажеті жоқ.
Электрондық билеттердің ережелері:
Театрға кіру үшін электронды билетті басып шығарып, оны кіре берісте көрсету керек. Сонымен қатар ұялы құрылғы экранынан QR кодын көрсетіп, кіру билетін алуға болады. Егер билетті электронды түрде алып, кері қайтаратын болсаңыз ересектерге арналған қойылымның билеттерін /ticket07, касса, менеджерлер/ сол күні сағат 13.00-ге дейін, ал балаларға арналған қойылымның билеттерін 1/бір/ күн бұрын тапсырылуы қажет.