БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР МЕН ОҚИҒАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ
«Ұлы дала дәстүрі» облыстық онлайн викториналық сайыс
22.08.2020, в 10:00:00 Купить билеты
қаралды: 370

Өткізу орны: Облыстық халық шығармашылығы орталығы

Ұзақтығы: 60 минут

Ақпарат:

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында ұмыт болып бара жатқан дәстүрлерді жаңғырту, ұлттық рухты, патриотизмді, тәлім-тәрбиені дәріптейтін қазақтың салт-дәстүрлерін насихаттау, жалпыхалықтық рухани құндылықтарды күшейту, халықты салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты сақтаудың маңыздылығымен ақпараттандырып, ұлттық құндылықтарға деген сезімді арттыру мақсатында «Ұлы дала дәстүрі» облыстық онлайн викториналық сайысы оздырылады.

Ұйымдастырушы: Облыстық халық шығармашылығы орталығы

Байқау шарты: байқауға облыс аудандарынан 1 отбасы және Орал қаласынан 2 отбасы (58 жастан жоғары ата-әжесі мен 10-13 жастағы немересі) қатысады.

Байқаудың өткізілу тәртібі: Kahoot, Quizzis, Quizlet, Google classroom платформалары негізінде викториналық тапсырмаларды орындау.

Сұрақтардың мазмұны қазақ халқының бүгінгі күнге жеткен және ұмытылып қалған көне дәстүрлері: тәрбие және отау көтеру дәстүрі, отбасы және ислам дәстүрі туралы 25 сұрақ, 3 варианттанболады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар: 20 шілдеге дейін алдын ала өтінім беру. Өтініш-сауалнамаға үміткерлердің толық аты-жөні, телефон нөмері туралы мәліметтері толтырылып, jpeg-форматтағы ортақ фотосы электронды поштаға жіберілуі қажет.

Ұйымдастыру алқасының эл.поштасы: ocnt-zko@mail.ru

Байланыс телефоны: 8-702-861-96-25 Айсина Эльмира Ерболқызы