БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР МЕН ОҚИҒАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ
Ұлттық ат спорты түрлері-көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты
14.06.2020, в 15:00:00 Купить билеты
қаралды: 528

Өткізу орны: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

Ұзақтығы: 0 минут

Ақпарат:

Облыста ұлттық спорт түрлерін серпінді дамыту және кеңінен тарату, ұлттық спорт түрлерімен айналысатын үздік спортшыларды іріктеу, облыс құрама командасын мықты спортшылармен толықтыру, тұрғындар арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Ұлттық ат спорты түрлері - көкпар, аударыспақ, теңге ілу және жамбы атудан ересектер арасында Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өткізіледі.

Жарыс жабық форматта, көрерменсіз өтеді.

14 маусым - мандаттық комиссия (сағ. 15.00-17.00), төрешілер алқасының отырысы (сағ. 18.00);

15 маусым (сағ. 9.00) - жарыстың басталуы.

Өтетін жері: Бәйтерек ауданы, Асан ауылы, Ипподром.