БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР МЕН ОҚИҒАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, еркін тақырыпта көркемсөз оқу байқауы
08.06.2020, в 10:00:00 Купить билеты
қаралды: 420

Өткізу орны: Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Ұзақтығы: 30 минут

Ақпарат:

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! БАЙҚАУ!

AQJAIYQ арнасы Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасымен @bqo_tilder әлеуметтік желі арасында маусымдық поэзия байқауын жариялайды.

1. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арнап, еркін тақырыпта көркемсөз оқу байқауына қатысуға шақырамыз,

2. байқау мемлекеттік тілде өткізіледі,

3. байқауға қатысушылардың жас шамасына шектеу қойылмайды;

4. Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына арналған;

5. байқау 8-30 маусым аралығында өткізіледі.

Өтетін күні: 8-30 маусым 2020 жыл

Өтетін орны: @aqjaiyq инста парақшасы

Ұйымдастырушылар: Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы

Байқау шарттары мынадай:

✔қатысушы Абай шығармаларын немесе сүйікті ақындарыңыздың (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын) жатқа мәнерлеп оқып, ұзақтығы 3 минуттан аспайтын бейнероликті және өзі туралы толық аты-жөнін, туған жері, оқу немесе жұмыс орнын көрсетіп zko.tv@kaztrk.kz электрондық адресіне жолдауы тиіс; (бейнероликтер @aqjaiyq инста парақшасында жарияланып отырады)

✔инстаграм желісіне жариялап @aqjaiyq парақшасын белгілеуі керек;

✔бейнеролик идеясының креативті болуы, мазмұны, тіл қолданысының тазалығы, сапасы бағаланады;

✔жарияланған бейнежазбаның астына #Абай175жылдығынаарналғанбайқауғақатысамын хештегімен белгілеуі тиіс;

✔ байқау 2020 жылдың 30 маусымына дейін өткізіледі.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады.

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне 1,2,3 орындар және 3 (номинация) аталым: 1. «Ең көп лүпіл»,

2. «Ең көп репост»,

3. «Ең көп пікір жинаушы»

бойынша сыйлықтар беріледі.

Байланыс телефоны: 8 (747) 532 1779 (веб-редактор)

E-mail: zko.tv@kaztrk.kz