БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ІС-ШАРАЛАР МЕН ОҚИҒАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ПОРТАЛ
«Біз бақытты баламыз» атты онлайн концерт
01.06.2020, в 10:00:00 Купить билеты
қаралды: 331

Өткізу орны: Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Қалалық мәдени-ағарту бірлестігі

Ұзақтығы: 0 минут

Ақпарат:

1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Жастар мәдениет үйінің көрермен залында «Біз бақытты баламыз» атты мерекелік концерт өтеді.

Шарада ертегі кейіпкерлерімен қатар вокалды аспаптар ансамблінің әншілері Әсел Қуанышева, Римма Нұрсұлтанова, Бибигүл Берекетова, Омар Хибашев, Рустам Хафизов, «Терме» үйірмесінің оқушысы Исатай Шұғыла (жетекшісі Күләш Қуанышқалиева), «Ақ кеме» вокалды студиясының оқушылары Румия Маратова, Нұрәлі Утегалиев (жетекшілері Ақмарал Ахметова), «Көркемсөз және мәнерлеп оқу» үйірмесінің оқушылары Тыныштық Аружан, Өтеш Жанар (жетекшісі Назым Нарымбетова), «Әуен» ән үйірмесі оқушылары (жетекшісі Дария Бақытова) өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ютуб каналында және Жастар мәдениет үйінің инстаграм парақшасында жарияланады

Ұйымдастырушылар: «Жастар мәдениет үйі» МКҚК