ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«EGEMEN QAZAQSTAN» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай «Тіл көпірі: жүз жылдық жылнама» облыстық байқауы нәтижесі
15.04.2020, в 11:00:00 Купить билеты
просмотрено: 2672

Место проведения: Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков

Продолжительность: 90 минут

Информация:

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ақпарат айдынында 100 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан «EGEMEN QAZAQSTAN» газетін қолдау мақсатында «Тіл көпірі: жүз жылдық жылнама» облыстық сырттай байқауы ұйымдастырылды.

Байқауға 16-29 жас аралығындағы білім беру ұйымдарының оқушылары, колледж студенттері және жастар «EGEMEN QAZAQSTAN» газетінің 100 жылдық жылнамасына және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған еркін тақырыптағы өз мақалаларын ұсынды.

Байқау қорытындысы бойынша төмендегідей жеңімпаздар анықталды:

- І орын – Серіков Бексұлтан, Орал қаласы №19 ЖОББМ-нің 11 сынып оқушысы. Жетекшісі: Г.Е.Нұрғали;

- ІІ орын – Ғаппар Аяжан, Казталов ауданы Бірік ОЖББМ-нің 11 сынып оқушысы. Жетекшісі: Н.У.Мажекерова;

- ІІ орын – Сүлейменова Дильназ, Сырым ауданы ЖББ Қ.Мырзалиев атындағы ОМ-нің 11 сынып оқушысы. Жетекшісі: А.Ғ.Сарсенғалиева;

- ІІІ орын – Есекеш Айназ, Орал қаласы Ә.Н.Молдағұлова атындағы 38 МЛ-нің 11 сынып оқушысы. Жетекшісі: Л.С.Кусаинова;

- ІІІ орын – Ерғожина Гүлмайра, Қаратөбе ауданы Б.Қаратаев атындағы Саралжын ЖОББМ-нің 9 сынып оқушысы. Жетекшісі: Т.Ә.Ашықова;

- ІІІ орын – Жақсыбаева Нұрдана, Жаңақала ауданы Жаңақала МГ-ның 10 сынып оқушысы. Жетекшісі: А.А.Искарина.

​Байқау жеңімпаздары дипломдармен және қалған қатысушылар сертификатпен марапатталады.