ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Ұлттық тағамдар» атты онлайн байқау
23.04.2020, в 10:00:00 Купить билеты
просмотрено: 393

Место проведения: Западно-Казахстанский областной историко-краеведческий музей

Продолжительность: 90 минут

Информация:

Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай 23-30 сәуір аралығында өткізілетін «Ұлттық тағамдар» атты бұл онлайн байқауға /челлендж/ облысымызда тұрып жатқан әр түрлі ұлт өкілдерінің отбасылары қатыса алады.
.
Байқауға қатысу шарттары:
1. @museum_kz парақшасына жазылу, соңғы публикацияларға лайк басу;
2. Әр отбасы /әр түрлі ұлт өкілдері/ өзінің ұлттық тағамын дайындап, оның тарихын баяндайтын бейнероликті түсіріп, өз парақшасында #ұлттықтағамдармузей хештегімен жариялауы тиіс;
3. Ұзақтығы 3-5 минуттан аспайтын бейнероликті және қатысушылар туралы толық мәліметті /отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы, күні, айы, мекен жайы, жұмыс орны/marketing19@inbox.ru электронды поштасына жіберуі керек;
.
Қойылатын талаптар: - Бейнероликті отбасы мүшелерімен бірігіп орындауы тиіс, жеке жұмыстар қабылданбайды; - бейнеролик идеясының креативті болуы, мазмұны, дыбысталуының тазалығы, сапасы бағаланады; - жеңімпаз атану үшін инстаграм @museum_kz, фейсбук museumkz парақшасында ең көп лүпіл/лайк жинаудың маңызы зор.
.
Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Байқау жеңімпаздары ең көп лүпіл/лайк жинаған және қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Байқаудың жеңімпаз және жүлдегер отбасылары арнайы диплом, алғысхаттармен марапатталады.
.
Байқаудың жеңімпаздары туралы ақпарат 10 күн ішінде @museum_kz парақшасында жарияланады.