Бірінші әйелдер гимназиясының ғимараты, қазір БҚМУ-университетінің жаратылыстану-география факультеті

XIX ғасырдың соңғы ширегінде салынған (1876-1877 жж.) бұл ғимаратқа әйелдер гимназиясы орналасқан. Бірінші әйелдер оқу орны- Орал қаласындағы қыздар пансионы 1857 жылы ашылып, 1877 жылы әйелдер гимназиясы болып қайта құрылды. Гимназияда 1910 жылға дейін 20 тәрбиеленушісі бар пансион болды (кейбір жылдары 27 тәрбиеленушіге дейін болды).

Азамат соғысы кезінде 1919 жылдан бастап ғимаратта Орал шаруалар бригадасының далалық көшпелі госпиталы, соңынан мектеп, ал 1930 жылдан бастап Орынбордан ауыстырылған халыққа білім беру институты, 1932 жылдан- Орал педагогикалық институты, ал 1938 жылдан қазіргі уақытқа дейін- пединституттың жаратылыстану-география факультеті орналасқан.

Батыс Қазақстан облысы, Оралқаласы, Достық-Дружба даңғылы,121