Себет 0

Концерт Государственного Духового Оркестра Республики Казахстан


қаралды: 121
Бағасы: 3000 тг.

Өткізу орны: Бөрлі аудандық Мәдениет үйі

Күні: 26.11.2021

Басталуы: 19:00:00

Ұзақтығы: 90 минут

Ақпарат:

1990 жылы құрылған ҚР Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрі 30 жылдан аса уақыт тыңдармандармен қатар, отандық және шетелдік әріптестерінің де таңданысын тудырып келеді. Өзінің шығармашылық қызметі жылдарында оркестр қазақстандық композиторлардың шығармалары жазылған алғашқы компакт-диск шығарды, сондай-ақ, үрмелі оркестрге арналған отандық авторлардың партитураларының Европа елдерінің баспаларында жарық көруіне ықпал етіп, бірқатар қазақстандық композиторларды әлемдік аудиторияға таныстырды.

Үрмелі оркестрмен өнер көрсеткен Ресей, Алмания, АҚШ, Франция, Англия, Қытай елдерінің белгілі дирижерлары мен музыканттары оның биік кәсібилігін, мінсіз таза интонациясын және аспаптардың виртуоздық түрде меңгерілгенін, барлық топтардың жарасымдық үндестігін, дыбыс тембрінің байлығын, репертуарының кеңдігін мойындайды.

Ұжымның көркемдік жетекшісі және бас дирижері Қанат Ахметов – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдерінің дүние жүзілік Ассоциациясының, тромбонистердің халықаралық Ассоциациясының мүшесі, Азия және Тынық мұхит мемлекеттерінің үрмелі аспаптар жетекшілері Ассоциациясының мүшесі.

Оркестрдің дирижеры Александр Беляков – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-оркестрінің дирижері, полковник, Азия және Тынық мұхит елдерінің үрмелі оркестрлері басшылары қауымдастығының және халықаралық әскери музыка қоғамдастығының мүшесі.

Комментарии

Оставить комментарий