ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
Online апталық
04.05.2020, в 10:00:00 Купить билеты
просмотрено: 371

Место проведения: Западно-Казахстанская областная универсальная научная библиотека им. Ж. Молдагалиев

Продолжительность: 90 минут

Информация:

4 мамыр күні «Оқырмандар ұсынады/Читатели рекомендуют» жобасы аясында оқырмандар өздері оқыған кітаптары туралы онлайн режимінде ой бөліседі

4 мамыр күні «Коллекция цифровых образовательных ресурсов» атты облыс кітапханашылары мен кітапхана оқырмандарына арналған видео-сабақ өткізіледі.

5 мамыр күні «Кітапханадағы кездесу» бағдарламасының қонағы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі Айтқали Нұрышқалиұлы Нәріковпен кездесу өткізіледі. Кездесу барысында қаламгердің Ұлы Отан соғысының 75 жылдығы қарсаңында жарық көріп отырған «Жаралы жылдар жаңғырығы» туындысы туралы, Жеңісті жақындатқан майдангерлердің ерліктері туралы әңгіме қозғалады. 6 мамыр күні ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы аясында өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған «Біздің Жұбан» жобасы жүзеге асырылады. Ақын Жұбан Молдағалиевтің 100 жылдығы аясында өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналған «Біздің Жұбан» жобасы жалғасын табады.

7 мамыр күні Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өлкетанушы Жәнібек Әбілпейісовтің «Хаттар сыры» атты кітабының онлайн таныстырылымы өтеді.

7 мамыр күні «Кітапханадағы кездесу» бағдарламасының қонағы «Рухани жаңғыру» институтының директоры, профессор, ҚПҒА академигі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Кыдыршаев Абат Сатыбайұлының рухани құндылық, кітап оқу, бүгінгі оқырманның талғамы, әдебиетке қызығушылық мәселелері хақындағы сұхбаты оқырмандарға ұсынылады.