ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«АДАЛДЫҚ АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ!» облыстық сырттай эссе байқауы
01.04.2020, в 10:00:00 Купить билеты
просмотрено: 510

Место проведения: Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков

Продолжительность: 90 минут

Информация:

«АДАЛДЫҚ АДАМДЫҚ БЕЛГІСІ!» облыстық сырттай эссе байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасының шеңберінде халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында «Адалдық адамдық белгісі!» атты облыстық сырттай эссе байқауын жариялайды.

2. Шараның мақсаттары мен міндеттері:

2.1. Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа жастарды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, өскелең ұрпақтың азаматтық белсенді ұстанымын, еліміздің дамуына жауапкершілік сезімін және сыбайлас жемқорлықты қабылдамауы мен оған төзбеушілігін қалыптастыру.

4. Байқауға қатысушылар:

«Адалдық адамдық белгісі!» атты облыстық сырттай эссе байқауына білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1-2 курс студенттері қатыса алады.

5. Өткізілу кезеңдері:

5.1. Байқау жұмыстарын 2020 жылдың 12 наурызына дейін Х.Чурина көшесі, 116 үй немесе zko-uralsk@mail.ru поштасы арқылы жіберілуі қажет. Байланыс телефоны. 50-06-17;

5.2. Байқау 2020 жылдың 13 наурыз күні Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында өткізіледі.

6. Байқауды өткізу тәртібі мен шарты

Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2020 жылғы 13 наурызында қарайды.

7. Эссе жазуға қойылатын талаптар:

​- негізгі критерийлер: тақырыптық өзектілік, даралық, бірегейлік, мазмұндылық, баяндау ерекшелігі, жоғары стилистикалық және грамматикалық орындалуы;

- негізгі тезистер: сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуының кезеңдері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсынегізгі қағидалар;

- қатаң көлемдік шектеу: А4 форматындағы 2 парақтан аспайтын баспа мәтін;

- байқау жұмыстары Microsoft Word мәтіндік редакторында Times New Roman қарпімен орындалады, қаріп өлшемі – 14, интервал – 1,5.

​- жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген эсселер комиссия қарауына жіберілмейді.

8. Қатысушыларды марапаттау

Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.