ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«EGEMEN QAZAQSTAN» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай «Тіл көпірі: жүз жылдық жылнама» облыстық байқауы
01.04.2020, в 10:00:00 Купить билеты
просмотрено: 510

Место проведения: Западно-Казахстанское областное управление по развитию языков

Продолжительность: 90 минут

Информация:

«EGEMEN QAZAQSTAN» газетінің шыға бастағанына 100 жыл толуына орай «Тіл көпірі: жүз жылдық жылнама» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы (бұдан әрі –

басқарма) ақпарат айдынында 100 жылдан бері мемлекеттік тілдің дамуы мен ұлттық тіл қорының жасақталуын насихаттап келе жатқан «EGEMEN QAZAQSTAN» газетін қолдау мақсатында «Тіл көпірі: жүз жылдық жылнама» облыстық байқауын жариялайды.

1.2. Байқаудың міндеттері:

- Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;

- Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын кең көлемде ақпараттандыру;

- Жас қаламгерлер шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.

2. Өткізу орны мен уақыты

2.1. Байқау қорытындысы 2020 жылғы 15 сәуірде Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасында өткізіледі.

2.2. Байқауға қатысу туралы мәлімдеме 2020 жылдың 8 сәуіріне дейін Х.Чурина көшесі, 116 үй немесе мына пошта арқылы жіберілуі керек: zko-uralsk@mail.ru Байланыс телефоны: 50-06-17.

3. Байқауға қатысушылар

3.1. «Тіл көпірі: жүз жылдық жылнама» облыстық байқауына 16-29 аралығындағы жастар қатыса алады.

4. Байқаудың өткізу тәртібі мен шарты.

4.1. Басқарма байқаудың ұйымдастырушысы болып табылады.

4.2. Байқауды өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және Басқарманың әлеуметтік желілерінде жарияланады.

4.3. «EGEMEN QAZAQSTAN» газетінің 100 жылдық және Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларына еркін тақырыпта бір мақала арнау.

4.4. Әр автордың шығармасы компьютерге Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі және 2,5 – 3 беттен аспауы шарт.

4.5. Байқау материалдарын сараптау барысында:

- тақырыптың өзектілігі және маңызы;

- мазмұнының ашылу тереңдігі мен идеясы;

- жанрлық шарттарға сәйкестігі;

- жаңа әдіс, соны стильді қолданысқа енгізе білуі;

- тілі және стилінің ұғынықтылығы;

- тың ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі;

- ұтымды қолдана білуі есепке алынады.

4.6. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне мынадай құжаттарды қоса жібереді:

- төмендегі деректер көрсетілген өтініш:

- автор туралы мағлұматтар /туған жері, күні, айы, жылы, ұлты/;

- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары.

4.7. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.

4.8. Байқауға ұсынылған материалдарды танымал қаламгерлер мен тілшілерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

4.9. Байқауға түскен барлық мақалалар іріктеліп, байқаудың қорытындысы республикалық «EGEMEN QAZAQSTAN» және үздік деп танылған мақалалар облыстық «Орал өңірі» газеттерінде жарияланады.

5. Қатысушыларды марапаттау

Байқау жеңімпаздары Бас жүлде мен І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.