ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Аталар ерлігі - ұрпаққа ұлағат» атты облыстық онлайн шығармашылық жұмыстар байқауы
01.04.2020, в 10:00:00 Купить билеты
просмотрено: 519

Место проведения: Западно-Казахстанская областная библиотека для детей и юношества имени Хамзы Есенжанова

Продолжительность: 90 минут

Информация:

Жеңістің 75 жылдығы мерекесі қарсаңында Хамза Есенжанов атындағы Батыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы балалар мен жастарды соғыс туралы көркем шығармаларды оқуға тартуға, әдеби шығарма кейіпкерлерін визуализациялауға бағытталған «Аталар ерлігі - ұрпаққа ұлағат»атты облыстық онлайн шығармашылық жұмыстар байқауын 2020 жылдың 1-30 сәуір күндері аралығында өткізеді.

12 жастан 30 жасқа дейінгі аралықтағы Қатысушы 1941-1945 жылдардағы оқиғаларды сипаттайтын әдеби шығарма бойынша өзіне терең әсер қалдырған әдеби кейіпкерін бейнелейді және оған жеке көзқарасын бір сөйлеммен сипаттайды немесе шығармадан үзінді таңдайды және осы жұмысын онлайн тәртіппен@biblioteka_uralsk инстаграм; www.obduoral.kz фейсбук; www.obduoral.kz кітапхана сайтына #аталарерлігіұрпаққаұлағатхештегі арқылы орналастырады.

483 қаралым, 52 лайк жинаған. 100ге тарта онлайн жұмыс тапсырылды.

Қатысушыларға онлайн алғыс хаттар жіберіледі және үздік жұмыстар Әдеби кейіпкерлердің виртуалды каталогына енгізіледі.