ИНФОРМАЦИОННЫЙ ПОРТАЛ ПО МЕРОПРИЯТИЯМ И СОБЫТИЯМ ЗАПАДНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
«Менің сүйікті ақыным» поэзиялық онлайн байқауы
01.04.2020, в 00:00:00 Купить билеты
просмотрено: 538

Место проведения: ГККП "Городское культурно-просветительное объединение отдела культуры и развития языков акимата города Уральска"

Продолжительность: 0 минут

Информация:

Құрметті оқырмандар! Еліміз бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты Орал қалалық кітапхана оқырмандарға қашықтықтан қызмет көрсету әдісіне көшкен болатын. Сіздерді Орал қалалық орталықтандырылған кітапхананың ұйымдастыруымен өтетін «Менің сүйікті ақыным...» поэзиялық онлайн-байқауына қатысуға шақырамыз! Қазақтың танымалы және жас ақындарының шығармаларын интернет кеңістігінде насихаттау мақсатында байқау өтеді. Байқау 1сәуір - 1мамыр аралығында болады. Байқауға барлық жастағы оқырман қатыса алады. Бейнероликті мына номердегі 87011451314, 87054103778 уатсапқа жіберулеріңізге болады. Байқауға қатысу үшін мына шарттарды орындау керек: 1.Өзі жақсы көретін ақынның бір өлең мәнерлеп оқып, оған бейнеролик жасау. 2. Бейнеролик екі минуттан аспауы. 3. Өлеңнің 2-3 шумақтан болуы. 3.Қатысушының өлең оқу шеберлігі, өзін таныстыруда әсерлі жеткізуі. 4. Бейнеролик жасалуының ерекшелігі мен сапасы 5. #Meninsuiktiakynym хештэг міндетті түрде көрсету қажет. 6.Қатысушы өз парақшасында (репост) жасауы. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі. Бейнеролик кітапхананың әлеуметтік желілерінде жарияланып тұрады. Желіде дауыс беру арқылы: "Ең көп оқылған ақын өлеңі", "Ең үздік көркемсөз оқу шебері" "Ең әсерлі таныстыру", "Ең әдемі бейнеролик" номинациясы анықталады. Байқау қорытындысында арнайы номинация бойынша дипломмен марапатталады Барша оқырманға сәттілік! https://www.instagram.com/p/B-T-9D5Fk2d/?igshid=624wxhxf37cj